A+ A A-

Бүгін – Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күні.

Категория: Спорт

Ертең – XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы күні.

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхен Олимпиадасында  шаңғы жарысынан әйелдер арасында 10 км қашықтықты еркін әдіспен жүріп өту сайыстары өтті.


Қазақстан сапынан 3 спортшы қатысып, өкінішке қарай, үздіктер қатарына іліне алмады. Жарысты 47-ші орынмен аяқтаған Валерия Тюленова отандастарымыз ішінде көрсеткіші бойынша ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Валерия Тюленова жарыс біткеннен кейін "Хабар" тілшілеріне берген сұхбатында мұндай сәтсіздікке ауа райының қатысы жоқ екенін айтты. 

Шынымды айтсам, кешеден бері алаңдап, қобалжу үстінде жүрдім. Себебін өздеріңіз білетіндей, екі жарыста да сәтсіз өнер көрсетіп, мүлдем жолым болмады. Бүгін алғашқы ондықтың қатарында жарысты бастадым. Рейтингте үздік саналған спортшылардың барлығы қосылып, қатарласа жүргенде барынша талпығаныммен қалып кеттім. Осыған дейінгі барлық жарыстарда айтқанымдай, дайындығым өте жақсы, тыңғылықты дайындалдым. Қазір жарыстың соңғы нәтижесін күтеміз.

Ал ауа райына келер болсақ, бүгін күн бізге көмектесіп тұрғандай. Ауа райы өте тамаша! Кеше өздеріңіз білетіндей, қатты дауылдан кейін бірқатар жарыстар, соның ішінде әйелдер арасында биатлоннан сайыстар тоқтатылған болатын. Бүгін қараңыздаршы, күн жылы, жел жоқ, өте керемет болып тұр. Меніңше, жарыс басталғаннан бері дәл осындай күншуақ болып тұрғаны тек бүгін ғана сияқты, - дейді қазақстандық спортшы Валерия Тюленова. 

Айта кетейік, дәл осы сайыс бойынша Валерия Тюленова 47-ші (+3:20.2) , Анна Шевченко 56-шы (+3:56.4), Елена Коломина 63-ші (+4:12.5) орындарға жайғасты. 

Категория: Спорт