A+ A A-

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов: Жеңісімді Қазақ еліне арнаймын!

  • Бейсенбі, 18 Тамыз 2016 02:54

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов марапаттаудан кейін Рио төрінде жанкүйерлеріне алғысын айтты:

 - Соңғы жекпе-жекке барынша дайындалдым. Өте сауатты дәрігерлер дер кезінде жарақатымды тігіп, жарысқа дайындады. Жанкүйерлеріме, бізбен бірге келген психолог мамандарына, ата-анама, әпкем мен жиендеріме, жұбайым мен балама, маған бала кезден көмектескен достарыма, біздің федерацияның басшыларына, Тимур Асқарұлына, жеке бапкерім әкеме, бас бапкерге, барша қазақ жұртына алғысымды айтамын!  Өте бақыттымын! Бала күнімдегі арманым орындалды. Лондон Олимпиадасында жарыстан шығып қалғаныммен, Риода мақсатыма жеттім. Жартылай финалдағы жеңісімді жарыма арнаған едім, бүгінгі жеңісімді Қазақ еліне арнаймын! Бұл – менің ғана емес, Қазақ елімнің жеңісі, - дейді Қазақстан бокс құрамасының капитаны.

69 келіде шаршы алаңға шыққан отандасымыз Данияр Елеусінов ақтық финалда Өзбекстан боксшысы Шахром Гиясовты айқын басымдықпен жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті