A+ A A-

Гюзель Манюрова: Эрика менен мықтырақ болып шықты

  • Жұма, 19 Тамыз 2016 05:36

ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарында әйелдер күресі бойынша сайыстар аяқталды. Қазақстан қыздар құрамасынан 4 спортшымыз қатысып, үшеуі жүлделі орыннан көрінсе, біреуі жұбаныш белдесуіне дейін барды.

75 келі салмақ дәрежесінде Рио Олимпиадасының күміс жүлдесіне ие болған Гюзель Манюрова ел қоржынына 16-інші медалді салды. Манюрова финалдан кейін журналистерге қарсыласы туралы пікірімен бөлісіп, елімізде әйелдер күресінің қарқынды дамып жатқандығын тілге тиек етті:

- Жарыста тек бір жеңімпаз болады. Олимпиадада әр айналымдағы күрес үлкен психологиялық тұрғыдан дайындықты талап етеді. Финалда Эрика физикалық, психологиялық тұрғыдан да өте мықты болып шықты. Мен күміс медальға ие болсам, демек, күміске дейін еңбектендім деген сөз.

Ал әйелдер күресінен 4 жолдамамен келіп, 3 медальмен елге оралу – тарихта болмаған жағдай. Бұл біздің елімізде әйелдер күресінің дамып жатқандығын білдіреді. Бізге назар аударып, балуандаға барлық жағдай жасап отырған федерация басшылығына алғыс айтқым келеді, - дейді сөзін қорытындылап.

Рио Олимпиадасының 13-інші күнінде Гюзель Манюрова екінші рет Олимпиаданың күміс медаліне ие болды. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті