A+ A A-

Рио – 2016: Бүгін отандастарымыз спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды

  • Жұма, 19 Тамыз 2016 06:50

Рио Олимпиадасының 14-інші күнінде қазақстандық спортшылар спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды. Боксшы Иван Дычко мен Джозеф Джойс, Дариға Шәкімова мен Кларесса Шилдс араларында жартылай финалдық кездесулер болады. +91 келідегі боксшылар жекпе-жегі 19-нан 20-сына қараған түні сағат 0:10-да болса, 75 келідегі әйелдер боксы 0:30-ға жоспарланған.

Таэквондодан орташа салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында белдесулер басталады. 67 келіде қазақстандық Жансель Дениз ел намысын қорғайтын болады. Жарыс Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының байдарка және каноэда 200 метрге жекелей есу сайысында Алексей Дергунов сайысқа түседі. Іріктеу сыны 19 тамыз күні Астана уақытымен 18:00-де өтеді.

Сонымен қатар, әйелдерден байдарка төрттігі 500 метрге есу, ерлерге 1000 метрге байдарка есу сайысының іріктеу кезеңі басталады.

Еркін күрестен ерлер арасындағы белдесулер сағат 19:00-де басталғанымен, 74 келідегі қазақстандық балуан Ғалымжан Өсербаевтің күресі сағат 19:16-ға жоспарланған. Ал 57 келіде ел намысын қорғайтын балуанымыз Артас Санаа да сағат 19:16-да боз кілемге шығады.

Сағат 19:20-де көркем гимнастика бойынша отандасымыз Сабина Әшірбаеваның өнерін тамашалай аламыз.

Қазіргі бес сайыс бойынша сағат 19:00-де Елена Потапенко бағын сынайды.

Жеңіл атлетикадан 23:30-де басталатын жарысқа елімізден Диана Айдосова мен Полина Репина қатысады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті