A+ A A-

Бүгін қазақстандық спортшылар спорттың жеті түрінен сынға түседі

  • Жұма, 19 Тамыз 2016 15:14

Олимпиада ойындарының он төртінші жарыс күнінде Қазақ елінің өкілдері спорттың жеті түрінен сынға түседі. 

Ескек есуде Александр Емельянов Сергей Токарницкий, Илья Голендов, Андрей Ергучев төрттігі мың метрлікте бақ сынайды. 

Байдаркадағы Алексей Дергунов екі жүз метрлікте, ал Ирина Подойникова, Зоя Ананченко, Наталья Сергеева, Инна Клинова төрттігі бес жүз метрлікте жарысады. 

Таэквондошы Жансель Дениз де даянға шығады. 67 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Жансель ширек финал жолдамасын қытай Чжуан Цзя-цзямен сарапқа салады. 

Бүгін еркін күрес шеберлерінің айқасы басталады. 74 келіде Ғалымжан Өсербаев бар. 

Ғалымжан алғашқы белдесуін молдаван Евгений Недялкомен өткізеді. 

57 келідегі Нұрислам Санаев грузин Владимир Хинчегашвилимен кездеседі.

Көркем гимнастика шеберлері де өнерлерін ортаға салады. Қазақ елінің намысын Сабина Әшірбаева қорғайды. 

Бессайыста Елена Потапенко бар. Еленаның да жүлдеден үмітті екенін айт кетейік. 

Ал Диана Айдосова мен Полина Репина жиырма шақырымдық спорттық жүрісте бақ сынайды. 

Ең жоғары салмақтағы боксшылар жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді. Иван Дычконың қарсыласы – Джозеф Джойс. 

Ал қыздар арасындағы 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дариға Шакимова Олимпиада чемпионы, Америка боксшысы Кларесс Шилдспен жекпе-жекке шығады.

Дереккөз: 24.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті