A+ A A-

Ғалымжан Өсербаев Рио Олимпиадасында жүлдесіз қалды

  • Сенбі, 20 Тамыз 2016 03:43

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта өнер көрстіп жатқан Ғалымжан Өсербаев жарысты жүлдесіз аяқтады. 

Іріктеу сайысында Ғалымжан молдавиялық қарсыласын 11:2 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алған болатын. Ширек финалда жапониялық Сосукэ Такатанимен боз кілемде жолықты. Алғашқы үш минуттықта Күншығыс елінің балуаны екі ұпай еншіледі. Ал екінші кезеңде Өсербаев бірден төрт ұпай еншіледі. Соның арқасында жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Ғалымжан Өсербаев ирандық Хасан Язданидан жеңіліп, финалға жете алмады. Қола үшін белдесуде отандасымыз Түркия балуаны Сонер Демирташтан ұтылып, Рио Олимпиадасын сәтсіз аяқтады. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті