A+ A A-

Рио – 2016: Бүгін отандастарымыз спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды

  • Сенбі, 20 Тамыз 2016 09:31

Бүгін - ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының соңғы күні. Рио Олимпиадасының соңғы күнінде қазақстандық спортшылар спорттың бірнеше түрінен қатысады.

Олимпиаданың ашылу салтанатында Ту ұстап шыққан спортшымыз сынға түседі. 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде таэквондодан ел намсын Руслан Жапаров қорғайды. Алғашқы  белдесу уақыты Астана уақытымен сағат 21:45-ке жоспарланған.

Сағат 18:40-та қазақстандық байдаркашылар 500 метр қашықтықтағы жұбаныш финалына қатысады.

86 келіге дейінгі салмақта еркін күрестен боз кілемге Аслан Кахидзе шығады. Іріктеу кезеңіндегі белдесу сағат 19:00-де басталады. 12 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін балуанымыз Дәулет Шабанбайдың күрес уақыты шамамен 19:40.

Павел Ильяшенко қатысатын қазіргі бессайыс бойынша сындар сағат 21:10-да басталады деп көрсетілген.

 

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті