A+ A A-

Нұрбақыт Теңізбаев: Балуандарымыз үмітті ақтамады

  • Сенбі, 20 Тамыз 2016 21:07
Нұрбақыт Теңізбаев: Балуандарымыз үмітті ақтамады facebook.com

Рио Олимпиадасында күрес түрлерінен Қазақстаннан 12 балуан қатысып, 3 жүлдені қоржынға салды. Атап, айтсақ, жүлделер әйелдер күресіне тиесілі. 

Грек рим және еркін күрестен ерлер құрамасы үмітті ақтамады. Ол туралы бүгін Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев «Хабар» тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

- Грек-рим, еркін күрес балуандары үмітті ақтамады. Бүгін боз кілемге шыққан екі балуаннан да жүлде күттік. Үміт артып, сенген балуандарымыздың барлығы сенімнен шықпады. Бір сөзбен айтқанда, көрермендер, жанкүйерлер ұтыла бергеннен кейін күнделікті қалыпты жағдай ретінде қабылдап қалдық. Бұл негізі өте өкінішті жағдай, - дейді балуан жігіттердің сенімнен шықпағанына налып. Әйелдер күресінен бір емес, үш жүлде алуының себебін де тілге тиек етті:

- Былтыр Рио-де-Жанейрода жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Ол кезде де қыздарымыз жүлделі орынмен оралған болатын. Жастар құрамасын Әділет бастап келген еді. Әділет пен Қайрат Сағадиев тығыз байланыста. Бас бапкер Қайрат Сағадиевпен сөйлескенімізде Әділет ұстанған тактикамен келдім деді. «Рионың ауа райы, жарыс күндерін бәрін есептеп, қыздарды психологиялық тұрғыдан да мықты дайындап келдік» дейді. Жарыстың соңғы күнінде сынға түскен Кахидзе Аслан барын салды. Жеңіске ұмтылды, күресті. Ал Шабанбай Дәулет туралы айтсақ, өзі әдіс жасап бастайды да, ұпайды Беларусь балуанына беріп қояды. Соңына дейін күреспейді. Олимпиадаға келген кезде залда аура басқа болады. Күнде жеңіп жүргендер, жеңіліп жатыр. Кілемге шыққан кезде спортшының жеңіске деген сенімі болмаса, онда одан ештеңе күтуге болмайды, - деп сөзін қорытындылады Нұрбақыт Теңізбаев.

Естеріңізге сала кетсек, әйелдер күресінен Гюзель Манюрова (75 кг) күміс алса, Эльмира Сыздықова (69 кг) мен Екатерина Ларионова (63 кг) Рио Олимпиадасының қола жүлдегерлері атанды. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті