A+ A A-

Таэквондошы Руслан Жапаров алғашқы айналымнан аса алмады

  • Сенбі, 20 Тамыз 2016 22:52
Таэквондошы Руслан Жапаров алғашқы айналымнан аса алмады Фото: azattyq.org

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында таэквондадан ел намысын қорғаған Руслан Жаппаров жарыстан шығып қалды.

Руслан 1/8 финалда әзербайжандық Радик Исаевпен кездесті. Нәтижесінде, жерлесіміз қарсыласынан 2:11 есебімен ұтылды. Осылайша қазақ таэквондошысы Рио Олимпиадасында жүлдеге іліге алмады.

Таэквондадан ел намысын үш спортшы қорғаған еді. Бірақ үшеуі де алғашқы айналымнан әрі аса алмады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында таэквондодан бір ғана спортшымыз жүлдеге іліккен. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында Арман Шылманов қола жүлдегер атанған.

Айта кетейік, Руслан Жапаров Рио Олимпиадасында Қазақстанның туын көтеріп шыққан спортшы.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті