A+ A A-

Таэквондошы Руслан Жапаров Рио Олимпиадасында жүлдесіз қалды

  • Жексенбі, 21 Тамыз 2016 06:03
Таэквондошы Руслан Жапаров Рио Олимпиадасында жүлдесіз қалды rio2016.com

Рио Олимпиадасында 80 келі салмақ дәрежесінде таэквондошылар сайысы өз мәресіне жетті.

80 келіде Қазақстан құрамасынан Рио Олимпиадасына қатысқан Руслан Жапаров жұбаныш жекпе-жегінде Оңтүстік Корея спортшысы Чха Дон Минге 11:8 есебімен есе жіберді. Таэквондошымыз 2 раунд басымдықты өз қолына алғанымен, жарыс соңына дейін есепті сақтай алмады. Соңғы раундта Чха Дон Мин айласын асырып, Русланға жарысты жалғастыруға мүмкіндік бермеді.

Естеріңізге сала кетсек, Русланның алғашқы қарсыласы финалға жолдама алғандықтан, отандасымызға жұбаныш жекпе-жегін өткізуге мүмкіндік берілген еді. Ол алғашқы айналымда Әзербайжан спортшысы Исаев Радиктен 11:2 есебімен ұтылған болатын.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті