A+ A A-

ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде жабық деп жарияланды (видео)

  • Дүйсенбі, 22 Тамыз 2016 07:57
ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде жабық деп жарияланды (видео) Фото: ntv.ru

Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу рәсімі өтті. Дүбірлі дода осы жылы тамыздың 5-21 аралығында өткен болатын. Байрақты бәсекеге 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысты. Нәтижесінде 87 елдің атлеттері Олимпиада медальдарын жеңіп алды. Осылайша байрақты бәсекенің тарихында медаль олжалаған мемлекеттер саны рекордты межеге жетті.

Сонымен төрткүлдүние көз тіккен дүбірлі дода 121 медальді жеңіп алған (46 алтын, 37 күміс, 38 қола) АҚШ құрамасы жалпыкомандалық есепте жеке дара көш бастап тұр.

Екінші орында 67 медальмен (27 алтын, 23 күміс, 17 қола) Ұлыбритания спортшылары.

Үздік үштікке 70 жүлде еншілеген (26 алтын, 18 күміс, 26 қола) Қытай тұр. 

Қазақстаннан  Рио Олимпиадасына 104 спортшы спорттың  26 спорт түрінен қатысты. Соның ішінде 6 спорт түрінен топ жарып, медаль еншіледі. Қазақстан алдына Өзбекстанды жіберіп, 17 медальмен (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) 22-ші орынға тұрақтады.

Алтын  ауыр атлетикадан Ниджат Рахимов пен жүзуден Дмитрий Баландин, Данияр Елеусіновке  (бокс) тиесілі.

Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика) мен Елдос Сметов (дзюдо), Василий Левит (бокс), Гюзель Манюрова (күрес) мен Әділбек Ниязымбетовтың (бокс) күміс медалін еншіледі.

Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Карина Горичева, Фархад Харки, Александр Зайчиков (үшеуі  де ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова (екеуі де – әйелдер күресі), Иван Дычко және Дариға Шәкімова (екеуі де бокс)  Рио Олимпиадасында үздік үштіктен көрініп, қоланы қанағат тұтты. 

Рио Олимпиадасының жабылу салтанатында олимпиадалық туды Токио қаласына тапсырды.

Алдағы Олимпиада ойындары 2020 Жапония астанасында өтпек.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті