A+ A A-

Рио-де-Жанейрода XV Жазғы Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті

  • Дүйсенбі, 19 Қыркүйек 2016 09:22
Рио-де-Жанейрода XV Жазғы Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті фото: rueconomics.ru

Бразилия астанасы – Рио-де-Жанейрода XV жазғы Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Төрткүл дүние көз тіккен жарыстар қыркүйектің 7-сінен 18-іне дейін болды. Спорттың 22 түрінен 528 жинақ медаль сарапқа салынды. Рио Паралимпиадасының жалпымедальдық есебінде 239 медальға қол жеткізген Қытай бірінші орыннан көрінді. Қытай қоржынында 107 алтын медаль бар. Бір алтын, бір күміс медаль қанжығалаған Қазақстан мен Словения 58-орынды бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Зүлфия Ғабидуллина жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.

Бұған қоса 100 метрге еркін әдіспен жүзуден әлемдік рекордты жаңартып, қазақ елін бір марқайтып тастады. Ал Паралимпиада ойынының күміс жүлдесін пауэрлифтер Раушан Қойшыбаева жеңіп алды.

Ақпарат көзі: 24kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті