A+ A A-

Олимпиададағы жетістіктер

XXXI жазғы Олимпиада ойындарының  басталуына  да санаулы күндер қалды. Қазақстандық спортшылар олимпиада ойындарының  26 спорт түрінен  105 жолдамаға ие болды. 

Қазақстан тәуелсіздік  жылдарында  бес  олимпиада  ойындарына   қатысып, оның  бәрінде спортшыларымыз медальмен келген.  Олимпиада ойындарындағы  медаль саны  қазірде  - 52. Оның 16-сы  алтын, 17-сі күміс және 19-ы қола медальдар.  

Бүгін Тәуелсіздік алғаннан бергі қазақ спортшылары қатысқан бес Олимпиада ойындарының тарихына қайта бір көз жүгіртіп, командалык есепте, қай жылы нешінші орындарды иеленгені және кімдердің қандай спорт түрлерінен медальға қол жеткізгенін жариялағанды  жөн көрдік. 

 

Атланта олимпиадасы (1996)

 

Спортшы саны - 94.

Спорт түрі - 15.

Медаль саны - 11.

Командалық есеп - 24.

Алтын: Василий Жиров (бокс, 81 келі), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі, 57 келі);

Күміс: Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Анатолий Храпатый (ауыр атлетика, 99 келі), Сергей Беляев (нысана көздеу, 2 дүркін);

Қола: Болат Ниязымбетов (бокс, 63,5 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Мәулен Мамыров (еркін күрес, 52 келі), Владимир Вохмянин (нысана көздеу).

 

Сидней олимпиадасы (2000)

 

Спортшы саны - 130.

Спорт түрі - 18.

Медаль саны - 7.

Командалық есеп - 22.

Алтын: Бекзат Саттарханов (бокс, 57 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика);

Күміс: Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Мұхтархан Ділдәбеков (бокс, +91 келі), Ислам Байрамуков (еркін күрес, 97 келі), Александр Винокуров (велоспорт).

 

Афины олимпиадасы (2004)

Спортшы саны - 114.

Спорт түрі - 18.

Медаль саны - 8.

Командалық есеп - 40.

Алтын: Бақтияр Артаев (бокс, 69 келі);

Күміс: Геннадий Головкин (бокс, 75 келі), Георгий Цурцумия (грек-рим күресі, 120 келі), Геннадий Лалиев (еркін күрес, 74 келі), Сергей Филимонов (ауыр атлетика, 77 келі);

Қола: Серік Елеуов (бокс, 60 келі), Мкхитар Манукян (грек-рим күрес, 66 келі), Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика).

 

Бейжің олимпиадасы (2008)


Спортшы саны - 129.

Спорт түрі - 20.

Медаль саны - 13.

Командалық есеп - 29.

Алтын: Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі);

Күміс: Асқат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Анна Важенина (ауыр атлетика, 75 келі);

Қола: Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Арман Шылманов (таэквондо, 80 келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Елена Шалыгина (әйелдер күрес, 63 келі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі),

 

Лондон олимпиадасы (2012)

Спортшы саны - 115.

Спорт түрі - 20.

Медаль саны - 13.

Командалық есеп - 12.

Алтын: Серік Сәпиев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі), Александр Винокуров (велоспорт), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика, 53 келі), Майя Манеза (ауыр атлетика, 63 келі), Светлана Подобедова (ауыр атлетика, 75 келі);

Күміс: Әділбек Ниязымбетов (бокс, 81 келі);

Қола: Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес, 66 келі), Иван Дычко (бокс, +91 келі), Марина Вольнова (әйелдер боксы, 75 келі), Гүзель Манюрова (әйелдер күресі, 72 келі), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі, 84 келі).

 

 

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті