Димаш Кудайбергенов - «Мен әншімін» - «Хабар» | Последние новости Казахстана, телепроекты

«Мен әншімін». Димаш Кудайбергенов

«Мен әншімін» – үздік әншіні анықтайтын музыкалық байқау. Ең алғаш 2013 жылы эфирге шыққан жоба осы жылы 5-рет ұйымдастырылуда.

«Мен әншімін» – Қытай еліндегі ең үздік музыкалық байқаулардың бірі, сондай-ақ «Хунань ТВ» арнасының ең танымал музыкалық шоуы. Сондықтан Қытайда бұл жобаның рейтингі өте жоғары. 

Қазіргі таңда «Singer» шоуы Канада, Малайзия, Сингапур, Тайланд және Еуропа мемлекеттеріне тарайды.

Қытай елінің Хунань аймағында ұйымдастырылған байқауға қатысушылар – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған танымал жұлдыздар.

Әншілердің саны – 7. Олар – Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур және Қазақстан азаматтары. 

Димаш Құдайбергенов – Орталық Азиядан қатысқан алғашқы әнші.  Көрермен Димаштың жеңіс жолының қалай болғандығын тамашалайды. Сонымен бірге әншінің қарсыластары кімдер, сарапшылар оған қандай пікірлер айтты және т.б. қызықты ақпараттар болады.  «Хабар» арнасы аталмыш жобаның бірінші бөлімінен бастап көрсететін болады. 

1-2 сәуірден бастап  сағат 16.15-те арнамыздан тамашалаңыздар!

Соцсети

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 Агентство «Хабар». Все права защищены.