A+ A A-

Алматыда шаңғымен трамплиннен секіру жарысы басталды

  • Сәрсенбі, 01 Ақпан 2017 17:17

Бүгін спортшылар жекелей сында бәсекеге түседі. Тұғырға әуелі қыздар көтеріледі. Одан кейінгі кезек жігіттерде.

Қыздар арасындағы бәсекеде жерлесіміз Даяна Ахметвалиева ел намысын қорғап жатыр. Даяна төртінші болып тұғырдан секіреді. 

Қыздар трамплині – жалпы дүние жүзінде енді-енді дамып келе жатқан спорттың түрі. Бүгінгі жарысқа 7 мемлекеттен 12 адам қатысып жатыр. Спортшыларға екі мүмкіндік беріледі. Жекелей сынның жеңімпаздары аздаған уақыттан кейін белгілі болады. 

Ал кешкі сағат жеті жарымда ерлер арасындағы бәсекенің бірінші раунды басталады. Қыздарға қарағанда, жігіттердің саны анағұрлым көп. 1

6 елден келген 53 спортшы Универсиада жүлдесін сарапқа салады. Осы орайда айта кетейін, Универсиада жарыстарында қыздар да, жігіттерде 95 метр биіктіктен секіреді. 

Ерлер жарысына Қазақстан атынан 4 бірдей спортшы қатысады. Олар Сабыржан Муминов, Роман Ногин, Сергей Ткаченко және Акрам Әділов.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті