A+ A A-

Универсиада ойындарының 3-ші жарыс күні 7 медальдар жиынтығы өз иесін табады

  • Сәрсенбі, 01 Ақпан 2017 19:31

Алматыдағы Қысқы Универсиада ойындары аясында бүгін тау шаңғысы мен конькиден және шаңғы қоссайысынан жүлдегерлер анықталды.

Қазір шаңғымен тұғырдан секіруші жігіттер арасындағы бәсеке басталады. 

Қанат Базылхан, спорт шолушысы 

-28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарының үшінші жарыс күні жеті медальдар жиынтығы өз иесін табады. Соның екеуі шаңғымен тұғырдан секрушілерге тиесілі. Әйелдер арасындағы сайыста Қазақстан атынан жалғыз Даяна Ахметуәлиева жарысқа шықты. Ал ерлер сайысында еліміздің төрт бірдей спортшысы бәсекеге араласады. Мамандар Сабыржан Мүмінов пен Сергей Ткаченкодан үміт күтеді.

 «Медеуде» конькиші қыз-жігіттер үш мың және бес жүз метрлік қашықтықта сынға түсті. Бұл сайысқа Қазақстан атынан Татьяна Климчук, Мария Сизова және Эльвира Халықова қатысты. Олардың арасынан Татьяна Климчук үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға сәл жетпей қалды. 

Қазақтың спорт және туризм академиясының студенті үш мың метрлікті 4 минут 28 секунд уақытта аяқтап, бесінші орынға табан тіреді. Беларусь қызы Мария Зуева Қысқы Универсиада чемпионы атанды. Ерлер арасындағы бес жүз метрлікте Қазақстандық Роман Креч жетінші орынды қанағат тұтты.  

Людмила Прокашева, конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының бас бапкері

-Роман Креч осы маусымдағы әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңіс оның өміріндегі алғашқы үлкен жетістігі. Мен Романға осы Универсиада ойындарында сәттілік тілеймін. Оның медаль алуға мүмкіндігі бар.

Бүгін мәнерлеп сырғанаушылардың да жарысы басталды. 

«Алматы арена» мұз айдынына алдымен қыздар шықты. Қысқы спорт түрлерінің төресі саналатын сында 31 спортшы бәсекеге түсті. 

Қазақстан атынан Айза Мамбекова мен Вероника Шевелева және Жансая Адыхнова шеберліктерін паш етті. Бұл спорт түрінде ресейліктердің шоқтығы биік тұр. 

Бүгін қысқа бағдарламадан кейін Елизавета Туктамышева топ бастады. Жеңімпаздар ертең анықталады. 

Тау шаңғысының шеберлері де Универсиада ойындарының кезекті жүлделерін сарапқа салды. Алатаудың етегіндегі «Шымбұлақ» кешенінде нәзік жандылар супер комбинация бағдарламасы бойынша мықтыларды анықтады. 

Шаңғы қоссайысында да жерлестеріміз жүлдеге жақындай алған жоқ. 

Авторлары: Қанат Базылхан, Эдуард Кан

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті