A+ A A-

Екатерина Карпова трамплиннен секіру кезінде сәтсіз құлап, ауыр жарақат алды

  • Сәрсенбі, 01 Ақпан 2017 20:45

Қазақстандық спортшы Екатерина Карпова тау шаңғы жарысынан суперкомбинациядағы екінші мүмкіндігін сәтсіз орындап, ауыр жарақат алды.

Екатерина трамплиннен секіру кезінде сәтсіз құлады. Бірден спортшымыз Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, жерлесеміз тізесін жарақаттап алды.

Демек Карпова үшін Универсиада аяқталды. 

Тағы бір жерлесеміз Мария Григорова әріптесінің құлағанын көріп, тәуекелге бармай, суперкомбинациясының қорытындысы бойынша 25-ші орын алды. 

Аталмыш жарысты ресейлік Анастасия Силантьева жеңіп алды. Екінші орында беларусьтік Мария Шканова, ал словакиялық Барбара Кантонова үздік үштікті қорытындылады.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті