A+ A A-

Универсиада-2017: Биатлоншы Галина Вишневская Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды

  • Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 11:31

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын жүлде түсті.

Үшінші алтын жүлдені биатлоншы бұрымдымыз Галина Вишневская алып берді. Ол 7,5 шақырымға спринт сайсында сынға түсіп, үздік шықты. Бұл қашықтықта отандасымыз 21 минут, 43,1 секунд уақыт көрсеткішіне ие болды. 

Еске сала кетейік, бұл – Вишневскаяның екінші жүлдесі. Бұған дейін спортшымыз 15 шақырымға жекелей сынға түсіп, тек Алина Райкованы алға жіберіп, күміс жүлде алған еді. 

Бұл – Қазақстан құрамасы үшін Универсиада ойындарындағы үшінші алтын жүлдесі. Осылайша біздің құрама қазіргі уақытта командалық есепте қайта екінші орынға шықты. 

Дереккөз: vesti.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті