A+ A A-

Универсиада-2017: Қазақстандық могулшы Юлия Галышева алтын жүлдені жеңіп алды

  • Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 13:46

Фристайл жарысы да біздің спортшылар үшін сәтті өтіп жатыр. Бүгін Шымбұлақта өткен фристайлдың могул атты түрінен Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхард алтын медальдарды жеңіп алды. 

Бұл жарыста әлемнің 20-ға жуық елінен келген 34 шаңғышы бағын сынады. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Юлия Галышева ақтық сында да дайындығының жоғары екенін дәлелдеді. 

Ол ресейлік және автриялық шаңғышыларды шаң қаптырып, 73,80 балл жинап, Универсиада чемпионы атанды. 

Іле-шала оның жеңісті жолын Дмитрий Рейхард жалғастырды. Финалда ресейлік спортшы Сергей Шибуевпен арадағы бәсеке қызу болды. 

Алайда төрешілер Рейхардтың шеберлігіне әділ бағасын беріп, бас жүлдеге лайық деп тапты. 

Жерлесіміз Павел Колмаков та сәтті өнер көрсетіп, қола жүлде тақты. 

Юлия Галышева, Универсиада чемпионы 

-Жеңісті отбасыма, Қазақстанға арнаймын. Қуаныштымын. Енді Жапонияның Саппоро қаласында өтетін Азия ойындарына дайындаламын.

Дмитрий Рейхард, Универсиада чемпионы 

-Жарыс сәтті аяқталды. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Енді алдағы уақытта Корея мен Жапонияда өтетін Әлем Кубогына дайындаламыз.

Иә, аламанның қызуы әлі басыла қойған жоқ. Әзірге спортшыларымыздың аяқ алысы жақсы. 

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы күміс тұғырынан түскен жоқ. Қоржынымызда 15 медаль бар. 6 алтын, 2 күміс, 7 қола.

 
Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті