A+ A A-

Универсиадаға қосымша билеттер сатыла бастады

  • Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 22:11

Бүгін осы Қысқы ойынның қосымша билеттері сатыла бастады. Бұл туралы Универсиада дирекциясының өкілдері хабарларды.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде осы билет мәселесі төңірегінде түрлі жазбалар көбейіп кеткен еді. 

Жарыс өтіп жатқан орындар жартылай бос, бірақ билек жоқ деген мазмұнда. Сөйтсек, бұл орындардың дені әу баста арнайы тіркеуден өткен шетелдік делегаттарға арналған екен. Қазір олардың 90 пайызын сатылымға шығару туралы шешім қабылданды. 

Вадим Дергачев, Универсиада-2017 дирекциясы билетпен қамтамасыз ету департаментінің басшысы  

-Қазір билеттерге сұраныс  көп. Сондықтан енді билеттері толықтай сатылып кеткен жарыстарға қосымша кіру билеттерін сатуды ұйғардық. Яғни орындары көрсетілмеген билеттерді сатып алып, ішке еніп тұруға болады.

Ұйымдастырушылардың дерегі бойынша бүгінге дейін Универсиада ойындарына 184 мың билет сатылған. Өкінішке қарай, алып-сату фактілері де жиі кездесіп жатыр. 

Соңғы екі күнде тәртіп сақшылары 8 адамды ұстап, олардан 500 билет тіркілеген. Қазір алып-сатарлардың жолын кесу үшін билет алушыларға шектеу қойылды. Енді бір адам әрі дегенде 5 билет қана сатып ала алады. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті