A+ A A-

Универсиада-2017: Фристайлшы Дмитрий Рейхерд алтын медальді қанжығасына байлады

  • Жұма, 03 Ақпан 2017 15:17

Фристайлшы қыз жігіттеріміз бүгін Қазақстан қоржынына тағы екі алтын, бір қола медаль салды. Кеше жүлде алған Рейхард пен Колмаков және Галышева үштігі бүгін де сол биіктен көрініп, ел мерейін тасытты. Параллелді Могулда Юлия мен Дмитрий 28-ші Қысқы Универсиаданың 2 дүркін жеңімпазы атанды. 

Алмас Садуақас, тілші

-Шымбұлақта болған фристайл жарысының екінші күні де біздің спортшылар үшін сәтті аяқталды. Могул деп аталатын түрінен жұптасып жарысуында шаңғышыларымыз Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков сәтті өнер көрсетти. Ириктеу сынынан мүдірмей өткен жерлестеріміз ақтық сынға жолдама алған. Онда ресейлік спортшылардан жоғары өнер көрсетті, ұпайды молынан жинады. Нәтижесінде Рейхард алтын, ал Колмаков кола медальді жеңіп алды. 

Дмитрий Рейхард, 28-қысқы Универсиаданың 2 дүркін жеңімпазы:

-Бұл жарыс оңай болған жоқ. Дегенмен барымды салдым. Ширек финалда 3-ші нәтиже көрсеттім. Ал финалда сәтілік серік болып, жеңіске жеттім. Әрине мұндайда кеудеңді мақтаныш кернейді, ең бастысы ел сенімін ақтадым. 

Ал қыздар арасында сынға түскен Юлия Галышева да сәтті өнер көрсетіп, кешегі жеңісін қайталады.

Юлия Галышева, 28-ші Қысқы Универсиаданың 2 дүркін жеңімпазы:

-Бүгін екінші алтынға қол жеткіздім. Қуаныштымын. Бұл жерде жылдамдық өте маңызды. Қарсыластарымнан бұрын шапшаң қимылдап, жеңіске жетуге ұмтылдым. Маған қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға, жанкүйерлеріме рахмет айтқым келеді.

Енді ертең фристайлшылар тынығады. Ал бүрсі күні кросс жарыстары басталады. Біз спортшыларға жеңіс тілейміз.  

Авторлары: Алмас Садуакас, Нұрдаулет Жақсыбай

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті