A+ A A-

Универсиада-2017: Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан алтын медальді иеленді

  • Сенбі, 04 Ақпан 2017 21:16
Универсиада-2017: Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан алтын медальді иеленді фото:фото:Sports.kz

«Алматы-Арена» мұз сарайында мәнерлеп сырғанаушы жігіттер еркін бағдарламада өнер көрсетті.

Олардың арасында жерлесіміз Денис Тен. Бәсеке өте тартысты өтті.

«Алматы-Арена» мұз сарайында бүгін ине шаншар орын болмады. Денис Тенді қолдауға келген қазақстандықтардың қарасы көп болды.

Ал өз жанкүйерлерін үмітін ақтаған Тен мәнерлеп сырғанаудан алтын медальді иеленді.

Екінші орын жапондық сырғанаушыға бұйырды. Ал үшінші орынды Швециядан келген спортшы иеленді. 

Осылайша Универсиада-2017-де Қазақстан қоржыны 10-шы алтынмен толықты. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті