A+ A A-

Универсиада-2017: Қазақстандық биатлоншылар аралас эстафетадан күміс жүлдеге ие болды

  • Жексенбі, 05 Ақпан 2017 13:34

Қазақстандық биатлоншылар Универсиаданың аралас эстафетасында күміс медаль еншіледі. Олар бас жүлде үшін тартысты өткен сайыста ресейлік спортшыларға есе жіберіп алды.

Бүгін «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде биатлоннан аралас эстафетадан жарыс өтті. Бұл бəсекеде ел намысын Галина Вишневская, Дарья Усанова, Василий Подкорытов жəне Антон Пантов қорғады. Жарыс нəтижесінде бас жүлде ресейліктерге, күміс қазақстандықтарға бұйырды. Қола Украина құрамасының қоржынына түсті. 

Галина Вишневская мен Дарья Усанова ресейліктерден 1,5 минуттық басымдық көрсеткен еді. Өкінішке қарай, Василий Подкорытов нысана көздеуде жиі қателікке бой алдырды. Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 10 алтын, 3 күміс жəне 9 қола медаль бар.  

Дереккөз: inform.kz
Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті