A+ A A-

Қазақстан Универсиаданың 25-ші жүлдесіне қол жеткізді

  • Дүйсенбі, 06 Ақпан 2017 15:17

Шаңғышы қыз-жігіттеріміз Алматыдағы бүкіләлемдік Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері атанды.

Алдымен әйелдер арасындағы эстафеталық сайыста Анна Шевченко, Ольга Мандрика және Ирина Быкова үштігі жарыс жолына шығып, ел қоржынына кезекті күміс медальды салды. 

Жалпы «Алатау» кешеніндегі шаңғышылар сайысы Ресей мен Қазақстан арасындағы бәсекеге айналды. Бүгінгі эстафеталық сында да алтын мен күмісті орыс пен қазақ спортшылары өзара бөлісті. 

Эстафетаның қола медалі Франция қыздарына бұйырды. 

Ерлер арасындағы жеті жарым шақырымдық эстафеталық сында еліміздің атынан Сергей Малышев, Виталий Пухкало, Ринат Мухин және Олжас Климин төрттігі сынға түсті. 

Ресеймен арадағы тартыс көмбеден шыққан сәтте басталды. Соңғы шешуші кезеңде Олжас Климин мен орыс спортшысы Дмитрий Ростовцев Универсиаданың алтын медалін сарапқа салды. 

Нәтижесінде ресейлік шаңғышы мәреге санаулы метр қалғанда Олжасты сан соқтырды. Қазақстан эстафеталық құрамасы Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері атанса, орыстар осы сындағы екінші бас жүлделерін еншіледі. Қола чехиялық шаңғышыларға бұйырды. 

Сергей Малышев, шаңғы эстафетасынан Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері

-Ресейдің екінші құрамы да мықты. Медальға талас өте тартысқа толы болды. Жігіттердің бәрі де қолдан келгенше тырысып бақты. Орыстарда қателік жібермей, соңына дейін алысты. Сондықтан соңғы метрге дейін жан алып, жан берістік.

Бүгін сондай-ақ шорт-трек шеберлері де бір күміс бір қола медальға қол созды. Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы Абзал Әжғалиев бес жүз метрлікте оңтүстіккореялық спортшыға есе жіберіп, Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері атанса, Денис Никиша үздік үштіктен көрінді. Қыздар арасындағы сында жерлестеріміз финалға шыға алған жоқ.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті