A+ A A-

Қазақстандық шорт-трекшілер қоржынға Универсиаданың қола жүлдесін салды

  • Дүйсенбі, 06 Ақпан 2017 16:47

Қазақстандық шорт-трекшілер Қазақстан қоржынына Универсиаданың қола жүлдесін салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

500 метрлік сайыстың ақтық финалына екі бірдей отандасымыз Абзал Ажғалиев пен Денис Никиша шыққан еді. 

Бұл сайысқа қатысушылар бәсекені сөреден екі мәрте бастауға тура келді. Себебі, Ажғалиев бірінші мүмкіндігінде фальстарт жасады. 

Жарысты екінші рет қайта бастаған Ажғалиев мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлде алса, Денис Никиша болса жарыстың басында құлап, сайыстан тыс қалды. 

Бұл Қазақстан үшін 28-ші қысқы Универсиада ойындарында алып отырған 26 жүлдеміз. Қазір біздің қоржынымызда 10 алты, 5 күміс 11 қола жүлде бар. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті