A+ A A-

8 ақпан күні 19.00-де «Хабар» арнасынан 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың жабылу салтанатын көріңіздер

  • Дүйсенбі, 06 Ақпан 2017 16:17

8 ақпан күні 19.00-де «Хабар» арнасы 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың жабылу салтанатын тікелей эфир арқылы көрсетеді.

Бүгінгі күні медальдар саны бойынша Ресей командасы алда келеді. Екінші орында Қазақстан және үштікті Оңтүстік Корея жауып отыр.

Универсиаданың аяқталуына әлі екі күн бар. Күн сайын спорттық жарыстар қызу әрі тартысты өтуде. Және де өзінің ақтық мәресіне жетіп, спорт сүйер қауымның есінде сақталып қалады деп сенеміз. Өйткені осы уақытқа дейін қызықты және таңғаларлық оқиғалар көп болды.

Жабылу салтанатын арнамыздан тікелей эфир арқылы тамашалаңыздар!

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті