A+ A A-

Универсиада-2017: Биатлоншы Галина Вишневская алтын медаль иеленді

  • Сейсенбі, 07 Ақпан 2017 12:52

Алматыда өтіп жатқан 28-ші Қысқы Универсиадада биатлоншы Галина Вишневская 12,5 шақырым қашықтыққа жаппай старт сайысында бірінші орынды иеленіп, алтыннан алқа тағынды.

Вишневская төрт нысананың біреуінен ғана мүлт кетіп, қашықтықты 36:15.4 минутта жүріп өтті. Күміс медаль украин спортшысы Яна Бондарьға (+1:02.3) бұйырса, қола медальді ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) жеңіп алды.

Осы сайыста қазақстандық Елизавета Бельченко (+1:27.0) үш рет мүлт кетіп, төртінші орын алып қалды. Одан кейін тағы бір отандасымыз Дарья Усанова (+2:10.9) келді. Ол алты рет қателікке бой алдырды.

Осылайша, Вишневская Универсиаданың екінші алтын медаліне қол жеткізді. Бұған дейін ол 7,5 шақырым қашықтықта жеңімпаз атанған еді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті