A+ A A-

Универсиада-2017: Шаңғышы Анна Шевченко қола медальға қол жеткізді

  • Сейсенбі, 07 Ақпан 2017 14:39

Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында өзінің бесінші жүлдесін жеңіп алды.

Шевченко 15 шақырымға масс-старт бәсекесінде мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлде еншіледі. Отандасымыз үздік көрсеткішкен ие болған ресейлік Лилия Васильевадан 7.8 қалып қойды. Екінші орынды бұл жарыста екінші бір ресейлік Анна Нечаевская (+2.0) алды. 

Бұл бәсекеге сынға түскен отандастарымыздың арасында Ольга Мадрика (+48.1) бесінші, Ангелика Шурыга (+1:48.2) сегізінші, Марина Матросова (+3:05.4) тоғызыншы болып мәре сызығын кесті. 

Айта кетейік, бұл Анна Шевченко үшін Универсиада ойындарында жеңіп алған бесінші жүлдесі. Бұған дейін спортшымыз екі қола, бір күміс және бір алтын жүлде жеңіп алған еді. 

Дереккөз: Vesti.kz

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті