A+ A A-

Универсиада-2017: Шорт-тректен Денис Никиша қола жүлде иеленді

  • Сейсенбі, 07 Ақпан 2017 17:15

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқа Универсиада барысында шорт-тректен 1000 метрге ерлер арасындағы жарыс аяқталды. Бұл бәсекеден Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті.

Шорт-тректен 1000 метр қашықтыққа сынға түскен спортшылар арасында корей жігіті Лим Кён Вон 1:28.024 уақыт көрсеткішімен бірінші орын алды. Екінші орынды да корей жігіті Пак Чжи Вон (+0.027) алды. Ал үздік үштікті қазақстандық спортшы Денис Никиша түйіндеді. Отандасымыз көшбасшыдан +0.165 уақытқа қалып қойды. 

Осы сайыстың финалына шыққан екінші отандасымыз Айдар Бекжанов көшбасшыдан +0.404 уақыт қалып, төртінші орынға тұрақтады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті