A+ A A-

Универсиада-2017: Қазақстан хоккейшілері финалға шықты

  • Сейсенбі, 07 Ақпан 2017 22:18

Хоккейден Универсиада ойындарына қатысып жатқан Қазақстанның ерлер құрамасы финалға шықты. Отандастарымыз жартылай финалда чех елінің хоккейшілерінен айласын асырды.

Қазақстан мен Чехия құрамалары топтық кезеңде де ойнаған болатын. Ол ойында отандастарымыз қарсыластарын 8:0 есебімен ұтқан еді. Бүгін Сергей Старыгиннің шәкірттері қарсыластарын 4:1 есебімен ұтты.

Бірінші кезеңде чех хоккейшілері ширақ ойнады. 17 минутта бірінші болып шайба соғып, алға шықты. Ал Қазақстан хоккейшілері Универсиада ойындарындағы алғашқы шайбасын қақпаларына кіргізіп алды. Дегенмен араға бірер минут сала отандастарымыз таразы басын теңестірді. Даниэль Арност соққан шайбаға Константин Савенков жауап қатты.

Екінші кезең басында да Чехия хоккейшілері жинақы ойнады. Сәті түскенде шабуылдаумен болды. 30 минутта Дмитрий Грентц шайба соғып, Қазақстанды алға шығарды. Жанкүйерлер қолдауымен желпіне түскен қазақстандық хоккейшілер араға бірер минут сала қарсыластар қақпасына үшінші шайбаны тоғытты. Бұл жолы Павел Аколжиннің алыстан бағыттаған шайбасы қақпа ішінен табылды.

Үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы толық басымдығын танытты. 42 минутта Алексей Антицеферов төртінші шайба авторы атанып, Қазақстанға айқын жеңіс сыйлады.

Финалда Қазақстан хоккейшілері Ресеймен кездеседі. Олар жартылай финалда Канада хоккейшілерін 4:1 есебімен ұтқан болатын.

Дереккөз: vesti.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті