A+ A A-

Универсиада-2017: Бүгін 15.00-де арнамыздан Қазақстан-Ресей командаларының шайбалы хоккейден финалдық кездесуін көріңіздер

  • Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 09:21
Универсиада-2017: Бүгін 15.00-де арнамыздан Қазақстан-Ресей командаларының шайбалы хоккейден финалдық кездесуін көріңіздер фото: Vesti.kz

Хоккейден Универсиада ойындарына қатысып жатқан Қазақстанның ерлер құрамасы финалға шықты. Отандастарымыз жартылай финалда чех елінің хоккейшілерінен айласын асырды.

Қазақстан мен Чехия құрамалары топтық кезеңде де ойнаған болатын. Ол ойында отандастарымыз қарсыластарын 8:0 есебімен ұтқан еді. 

Ал кеше Сергей Старыгиннің шәкірттері қарсыластарын 4:1 есебімен ұтты.

Бүгін финалда Қазақстан хоккейшілері Ресеймен кездеседі. Олар жартылай финалда Канада хоккейшілерін 4:1 есебімен ұтқан болатын.

Сағат 15.00-де «Хабар» арнасынан Қазақстан-Ресей командаларының шайбалы хоккейден финалдық кездесуінен тікелей көрсетілімді тамашалаңыздар.
Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті