A+ A A-

Универсиада-2017 жабылу салтанатында жол қозғалысы шектеледі

  • Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 11:18

Алматы полициясы Универсиада-2017 жабылу салтанатында жол қозғалысы шектелетін бағыттар туралы мәлімдеді.

«2017 жылы 8 ақпан күні сағат 13:00-ден бастап, салтанатты рәсімнің аяқталатын уақытына дейін Момышұлы көшесінің Рысқұлов даңғылы мен Ақын Сара көшелерінің арасындағы бөлігі екі бағытта да жабық болады», – делінген Алматы қаласының ІІД-нің таратқан хабарламасында. 

Айта кетейік, заң құлдары азаматтарға жол маршруттарын алдын ала жоспарлауға және жол ережелерін қатаң ұстауға шақырады. 

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 8 ақпан күні өтетін Универсиаданың жабылу салтанатында «Алматы Аренаға» жанкүйерлер мен меймандарды жеткізу кезінде қосымша маршруттар жасақталады. 

Арнайы көліктер қаланың екі жерінде қызмет көрсетеді. Автобустар 15.00-17-30 сағатта қатынай бастайды. 1. Орталық Стадион - «Алматы Арена» мұз кешені; 2. Астана Алаңы (ҚБТУ) - «Алматы Арена» мұз кешені. Жүру ақысы - 100 теңге.

8 ақпан күні 19.00-де «Хабар» арнасы 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиаданың жабылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді.

 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарына арналған арнайы БӨЛІМ осында:

 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанаты ОСЫНДА:

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Серіктестер

Жоба туралы

Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына арналған арнайы веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті