×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 42

admin

«Хабар» өңірлерде

«Хабар» в регионах



Тілшілер қосынының бас ғимараты Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінде орналасқан. Біздің өкілдіктеріміз Қазақстанның әр аймағында жұмыс істейді.

Барлығы соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталып, еліміздің түпкір-түкпіріндегі қосынымызға жерсерікпен байланыстырылған телевизиялық ықшам станциялар орналастырылды. Біздің білікті тілшілеріміз кез келген облыс орталықтарынан тікелей эфирге шығуға мүмкіндік алды. Заманауи үлгімен жасақталған құрылғы НD форматында эфирлік толқында таралуда.

Біз Қазақстанда болып жатқан әрбір оқиға туралы аса қызықты да сапалы материал жасап, еліміздің тыныс-тіршілігімен өз көрермендерімізді дер кезінде таныстырып тұруға тырысамыз.

Бізбен байланыс:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі,4 үй, «Қазмедиа орталығы»

+7 (7172) 553 538

+7 (7172) 553-470

+7 (7172) 553 447

+7 (7172) 553 536

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Подробнее ...

«Хабар» әлемде

world




Арнамыздың тілшілер қосындары Берлин, Бейжің, Брюссель, Нью-Йорк, Мәскеу, Сеул мен, Ташкент, Ыстамбұлда табысты жұмыс істеп тұр.

«Хабар» агенттігі қашан да көрермендері үшін әлемнің басқа елдерінде не болып жатқаны туралы ақпарат алудың маңыздылығын жақсы түсініп, алғашқы күннен-ақ халықаралық жаңалықтарды дер кезінде ұсынып тұруға аса көп көңіл аударып келеді. «Хабардың» шетелдегі өкілдіктерінде еңбек ететін журналистер – шет тілдерді жетік меңгерген білікті мамандар. Олар жасаған қызықты сюжеттер көрерменге оқиға орнында болып қайтқандай ерекше әсер береді.

20 жыл ішінде Қазақстан халықаралық аренадан берік орын алып, көптеген әлемдік үдерістерге белсенді қатысып келеді. Еліміздің жылдан-жылға өсіп келе жатқан биік беделі мен ғаламдық проблемаларды шешудегі ролі, Қазақстанның әртүрлі халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымы, сондай-ақ қазақ елі жайлы шетелдіктердің не ойлайтыны, оны қалай қабылдайтыны туралы да тілшілеріміздің сюжеттерінен біле аласыздар.

«Хабар» тілшілері арнаның рейтингін өсіру үшін жеңіл жолдар таңдамай, мемлекеттік маңызы бар оқиғаларды іздеп табады. Камераларымыз отандастарымыздың өміріне тікелей қатысты оқиғаларға бағытталған. Біз әлемнің ең ірі ақпараттық агенттіктері желілерімен бәсекелесе алатын ауқымды тілшілер желісін құрдық. Қаламгерлік дарын, өз ісіне деген жауапкершілік және тәулік бойы тыным таппай еңбек етуге деген құлшыныс – біздің журналистеріміздің негізгі ұстанымы және компаниямыздың табысты жұмысының басты кепілі.

Бізбен байланыс:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, «Қазмедиа орталығы»

+7 (7172) 553 581

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS