Хабар телеарнасы

Мусаев Оразғали Айдарханұлы (1926 - 1999 жж.)

Мусаев Оразғали Айдарханұлы (1926 - 1999 жж.)

Ұлы Отан соғысында миллиондаған адам ажал құшты. Сол соғыста өзінің қайсар ерлігімен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс! Осы ержүрек бабалар қатарында Оразғали атамыздың еңбегi ерекше.

Мусаев Оразғали Айдарханұлы 1926 жылы 15 қыркүйекте Павлодар облысындағы Бесқарағай ауданы, Қыстаутерек ауылында дүниеге келген. 1944 жылдың сәуірінде әскерге шақырылды. Тюмень қаласында кіші командирлер курсында болып, Харьковқа, кейін Минскке жіберілген. Атамыз 17-армияға қарайтын танктермен күрес және оны жою бригадасының құрамында болып, майдан даласында аянбай шайқасқан. Бұдан кейін Моңғолияға жіберіліп, Жапония соғысына да қатысқан. Кейін үш жылға Кореяға жіберілген. Бір жыл Владивостокта болған. Туған еліне 1956 жылы аман есен оралған.

Наградалары:

  • «Германияны жеңгені үшін»;
  • «Жапонияны жеңгені үшін»;
  • «Кореяны азат еткені үшін».

1960 жылдан бастап Бесқарағай орман шаруашылығында аянбай жұмыс жасаған. 1983 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Атамыз 13 бала, 11 немере және 1 шөбере сүйіп, 1999 жылы 6 шілдеде 73 жасында өмірден озды.

Авторы: Шагмарданова Алия