Хабар телеарнасы

Базарбаев Мұхит (1924 - 1996 жж.)

Базарбаев Мұхит 1924 жылы қаңтар айында Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе ауылында дүниеге келген.

Соғысқа жасы жетпесе де,  өзі сұранып, майданға алынған. Сол кезде әкесі де майданда болған. Орынборда гвардияшылар даярлайтын алты айлық ППГ 1159-әскеи курсын аяқтап, 1942 жылдың қысында Смоленск бағытындағы 87- гвардияшылар дивизиясында майданға қосылады. Ірі тұлғалы атам барлаушылар бөлімінде болған. Жараланып, емделіп оралғаннан кейін 251-атқыштар дивизиясының 93-атқыштар полкінде №1 пулеметші ретінде алдыңғы шепте болған. Түнде 4-5 сағат мұзды өзен ойығында отырып, жауға тұтқиылдан шабуыл жасап, нәтижелі аяқтаған. Барлығы тоғыз шабуылға қатысып, төрт рет ауыр жарақат алып, госпитальден емделіп, майданға қайта оралып отырған.

Сондай бір шабуылға әзірлік жиынында пулеметші Мәншүк Мәметовамен кездескен кезі де болыпты. Витебскі қаласын азат етуші 919-атқыштар полкінде автоматшылар бөлімшесінде болған. Денсаулығының жақсы, денесінің шыныққаны болар, адам төзгісіз қиындыққа шыдаған екен. Денесінде оқ тимеген сау жері жоқ ол бірнеше рет ажалға төтеп берген екен.

Соғысты 29.04.44 жылы Польша жерін азат етуші әскер қатарында болып, Варшава түбінде аяқтаған. Көпқабаты штаб үйін басып алғанда жаралы жатқан жерінен неміс офицері оқ атып, сол көзінің астынан жарақаттаған екен. Оны «өлі» деп санап, кейін солай елге де хабар келген. Жерлеу кезінде оның тірі екенін білген, сөйтіп Мәскеуде госпитальде алты ай емделіп, 1945 жылдың ақпан айында санитардың көмегімен елге қиын жағдайда келген.

Наградалары:

  • І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен екі рет;
  • «Ерлігі үшін» екі рет;
  • «Германияны жеңгені үшін»;
  • «Әскери қызметі үшін»;
  • «Маршал Жуков» және көптеген медальмен марапатталған.

1996 жылы өмірден өтті. БҚО-да Шыңғырлау ауданы, Ақшат (Лубен) ауылында әкесі Базарбайдың қасында жерленген.

Авторы: немересі Базарбаев Нұржан Ислямұлы