Хабар телеарнасы

Ахметов Қабден Ахметұлы (1923 - 1997 жж.)

Ахметов Қабден Ахметұлы (1923 - 1997 жж.)

Ахметов Қабден Ахметұлы 1923 жылы 19 шілдеде Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Топольки селосында дүниеге келген.

Соғыс басталғанда Қабден Ахметұлы Ресейдің Кемерово қаласында тұрған. Сол жерден әкесі Жатақбаев Ахметпен бірге соғысқа аттанған.

Қабден Ахметұлы 303-атқыштар дивизиясының байланыс ротасында Воронеж, Степной, Юго-западный және 2-Украин майданында фашистермен соғысқан.

1943 жылы жасаған ерлігі үшін «За отвагу» медалімен марапатталған.

1944 жылы Кировоград қаласының маңында жарақаттанып, госпитальде емделіп шығады. 1944 жылдың қыркүйек айынан 1946 жылға дейін Иранның Мешхед қаласында әскери қызмет атқарады. 1947 жылы туған  жеріне оралады. Қабден Ахметұлы Павлодар облысы, Май ауданында елі үшін адал еңбек етіп, бала тәрбиелеп, зейнеткерлікке шығады.

Ал 1997 жылы Ахметов Қабден Ахметұлы дүние салды.

Авторы: немересі Қабден Ерасыл Серікұлы