Хабар телеарнасы

Рүстембеков Сланбек (1924 - 2010 жж.)

Рүстембеков Сланбек (1924 - 2010 жж.)

Рүстембеков Сланбек 1924 жылы 25 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы елді мекенінде дүниеге келген. Атам – Ұлы Отан соғысының ардагері. Ағаларын соғысқа шығарып салып, өзі де майданға аттанады. Небәрі 17 жаста болған. Бұхара қаласының сержанттар даярлайтын мектебіне жібереді. Жарты жылдан кейн майдан соғысқа аттанады. Қызылорда елді мекенінен келген жас жігітке Эстония, Латвия, Литва үшін күресуге тура келген. Праганы босатуға қатысқан.

Атам соғыста көрген қиындығын, күннің суықтығын, тамақ, киім жоқтығын көзіне жас толып есіне алып отыратын. Сонда да қанша киын болса да Кеңес армиясы қарсыласын жеңіп шықты. Сол жеңіске атам Рүстембеков Сланбек өз үлесін қосты. Ерен ерлігін ескеріп, біраз медальмен марапатталған. Бірнеше жарақатпен елге оралған соң агроном мамандығын оқып, облыстың ауыл шаруашылығын көтеруге біраз үлесін қосқан. Жұбайы ерте өмірден озды, үш ұл, бес қызы болды. Өкінішке қарай үш ұлы да қайтыс болды. Сланбек Рүстембеков 2010 жылы өмірден өтті.

Авторы: келіні Аяпова Бақыткүл