Хабар телеарнасы

Яхия Айтуғанұлы (1925-2009 жж.)

Яхия Айтуғанұлы (1925-2009 жж.)

Соғыс ардагері Айтуғанұлы ЯхияҚызылорда облысы, Шиелі ауданында туған.

«Майданға өз еркіммен 17 жасымда 1943 жылы аттандым. Қағаз бойынша 18 жасқа толтырып, Смоленскті, Белорусияны азат ету үшін соғысқа қатыстым. Қан майдандағы көріністі айтып жеткізу мүмкін емес... Мұндай сұрапыл соғысты біздің ұрпағымыз көрмесе екен деймін».

Менің атам соғыста болған жылдарын айтқысы келмейтін. Мүмкін соғыстағы жылдарын есіне алғысы келмейтін болар...  Атам соғыстан оралған соң, 1949-1953 жылдарда Қызылордадағы медтехникумда оқыды. 1954 жылдан бастап атам су шаруашылығында инженер-гидротехник болып, 1980 жылдарға дейін МТС бастығы болған. Атам әжемнен ерте айырылып, бес ұл, бес қызды жалғыз өзі тәрбиелеп өсірген. Қазіргі таңда атамыздың ерлігін, атамыздың елге істеген қызметін мақтан тұтып, еске алып отырамыз.

Авторы: немересі Яхия Қажыкелді Маратұлы