Хабар телеарнасы

Хамитов Әміре Хамытұлы (1912-1978 жж.)

Хамитов Әміре Хамытұлы (1912-1978 жж.)

Менің атам 1912 жылы Шымкент облысы (ОҚО), Қаратас ауданы (қазіргі Қазығұрт), Қарабау селолық советі, Сталин атындағы колхозда дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Шымкент қаласында педагогикалық оқу орнын бітіріп мұғалім мамандығын алып шығады. Еңбек жолын Алтынтөбе колхозындағы мектепте балаларға дәріс беруден бастаған.

1939 жылы Шамша Нақыпқызымен отбасын құрады. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Сталинградта 540-атқыштар дивизиясында болып, Средный Донды неміс фашистерінен  азат етуге қатысты. Сол шайқаста тамағынан ауыр жараланып, госпитальда емделіп, 1944 жылы сәуірде елге оралған. Соғыстан кейінгі 1945-1955 жылдары Қаратас ауданындағы (қазіргі Қазығұрт) Сталин және Алтынтөбе колхозында басқарма бастығы қызметін атқарған. 1957 жылы Сарыағаш  ауданы, Жамбыл колхозына көшіп келіп , сонда алғаш аға гидротехник , сосын зейнеткерлікке шықанға дейін колхозда Тексеру Бақылау комиссиясының төрағасы қызметтерін атқарған. Еңбек жолында адал шыншыл болған , ұйымдастырушылық қабілетін ерекше ескеріп әр түрлі наградалармен марапаттар алған. Отбасында 5 ұл , 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Алпыс алты жасында 1978 жылы науқастанып, жүрек ауруынан (инфаркт) қайтыс болды.

Авторы: немересі Ерсұлтан Әміре