Хабар телеарнасы

Құсайынов Нұр

Құсайынов Нұр

Менің атам 1942 жылдың көктемінде әскерге шақырылды. Саяси жетекшілер даярлайтын қысқы мерзімінде училищені бітіргеннен кейін соғыстың алдыңғы шебінде болып, 8-Панфилов дивизиясының 19-пулемет ротасының командирі атағын алды.

1944 жылдың шілде айында Батальон Лудзы атты станцияны жаудан тазартып, оның күнбатыс бетінде өртенген хутордың орнына бекінген. Өздеріне окоп қазып, жауға карсы автомат, пулемет пен оқ жаудырды. Снаряд жарқыншағы кеудесіне қадалып әрі қолының екі саусағын оқ жұлып кетсе де, командир Нұр Қусайынов ұрысты тастамады. Бірнеше өліктерін қалдырып, немістер кейн шегінді. Дәрігерлік пунктке әкелгенде есінен танып қалған екен. Полк командирі Кеңес Одағының батыры подполковник Курганский мен полк комиссары Зубков келіп, жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай орындалуын қамтамасыз еткені үшін алғысын айтты. Атам аман-есен еліне оралып, 85 жасқа дейін Атырау облысы, Доссор поселкесінде өзінің атына берілген көшеде бала-шаға, немерелерімен өмір сүрді.

Авторы: Талғат Кусаинов