Хабар телеарнасы

Жүсiпов Мырқи (1913-1993 жж.)

Жүсiпов Мырқи (1913-1993 жж.)

Жүсiпов Мырқи (Мергали, кей деректерде Мерғалым делінген) 1913 жылы Балтасап ауылында дүниеге келген.

1941 жылы 25 шiлдеде әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Жау бомбалап кеткен теміржолды жөндеуге қатысып, Украинаға, Германияға дейін барды.

1947 жылы 1 қарашада елге аман-есен оралды.

1993 жылы 20 тамызда 80 жасында атамыз дүние салды.