Хабар телеарнасы

Қапсаланов Мәдім

Қапсаланов Мәдім

1941 жылдың жаз айында ел басына күн туып, Ұлы Отан соғысы басталды. Қолына қару ұстай алатындардың бәрі майданға аттанды. Осы жылдың күз айында Алматы облысы, Ақсу ауданы, Абакумовка (қазіргі И.Жансүгіров атындағы ауыл) ауылының тұрғыны болған әкеміз Қапсаланов Мәдім 41 жасында елін жау қолынан қорғау үшін соғысқа аттанады. Ол кісі пулеметчик болған, Сталинград түбіндегі шайқаста болып, Берлинге дейін жеткен екен. Шайқас кезінде жарақат алып, жатып қалғанында орыс солдаты «отец» деп, майдан шебінен алып шығады. Госпитальде ем алып қатарға қосылады. Әкеміздің жасы үлкен болғандықтан, жауынгерлер ол кісіні «отец» деп, өз әкелеріндей сыйлаған екен.

1945 жылы сегіз мүшесі аман, омырауы орден мен медальдарға толы әкеміз елге оралады. Елге орала білек сыбанып, еңбекке кіріседі. 1948 жылы Есепшілер курсын бітіріп, Чапаев атындағы колхозда өмірінің соңына дейін Есепші (Бухгалтер) болып қызмет атқарады. 1960 жылдың қазан айының 11-інде өмірден озды.

Авторы: қызыБақыт Мәдімқызы