Хабар телеарнасы

Тағаев Толымбек Тағайұлы (1922-2017 жж.)

Тағаев Толымбек Тағайұлы (1922-2017 жж.)

Кішкентай кезімізден жылда 9 мамыр күні атамыздың мейрамында бүкіл әулетімізбен ауылда, қара шаңырақта жиналып, атамызды құттықтап қайтатынбыз. 2017 жылы 8 мамырда: «Ертең ауылға барамыз», – деп дайындалып жүргенімізде, тоғызына таңертең ауылдан суық хабар келді, дәл сол күні атамызбен қоштасуға баратынымызды кім білген. Марқұм атам 95 жасында өмірден озды.

Тағаев Толымбек Тағайұлы 1922 жылы Түлкібас ауданы, Қожамберді (Калинин) ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде 1942 жылы майданға аттанды. Ақмола қаласында жасақталған полкқа қосылып, дайындықтан өткен. 1943 жылы Батыс майданда болады. Десанттық дивизияда болып, Одер өзенін азат еткен. Украина майданының қарамағында болып, Румынияны азан етуге қатысқан. Екінші Украина майданы құрамында жүріп, Прага қаласын азат еткен. Австрия жерінде жараланады, ауыр жараланғандықтан, Будапешт әскери госпиталінде емделеді. Жазылған соң Австрия үшін соғысқа қайта түседі. Соғысты 1945 жылы 9 мамырда Австрияда аяқтайды.

Соғыста көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «Жеңіс үшін» және т.б медальдармен марапатталған.

Авторы: Тағаева Сандуғаш