Хабар телеарнасы

Сариев Сәмет (1913-1987 жж.)

Сариев Сәмет (1913-1987 жж.)

Сариев Сәмет 1913 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылып, І, ІІ Беларусь майданында кескілескен ұрысқа қатысып, Германияның шетіне дейін барып, 1945 жылдың 31 қазан айына дейін майдан шебінде болған. Сол жылы қолынан ауыр жарақат алып, 1945 жылы 5 қарашада елге оралады. 1946 жылы соғыстан кейін Құланды елді мекенінде мұғалім болған, одан кейін балық заводында бригадир, РайОРС мекемесінде завхоз болып зейнеткерлікке шыққан.

«Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткені үші», «Германияны алғаны үшін», «Берлинді азат еткені үшін», «Жуков», «Жеңіс» медалімен мерекенің әр мерейтойында марапатталған.

1987 жылы 74 жасына қараған шағында дүниеден өткен.

Сариев Сәмет атамның қазірде 12 баласы, 33 немересі, 60 шөбересі, екі шөпшегі бар.

Авторы: Мирамбекова Жадыра