Хабар телеарнасы

Мұхамбетжанов Құмай (1907-1994 жж.)

Мұхамбетжанов Құмай (1907-1994 жж.)

1941 жылы 10 қазанда әскер қатарына шақырылып, 1941-1942 жылдар аралығында 37-атқыштар полкі қатарында жаумен шайқасты. 1942 жылдың 5 тамызында жараланып, жау қолына түсіп. 1945 жылдың 9 мамырына дейін тұтқыннан азат етілгенше тұтқындар лагерінде азап шекті. Әскер қатарынан 1946 жылдың қараша айының 2-сі күні босатылды.

Басқыншы жауға қарсы ерлікпен шайқасқан Құмай Мұхамбетжанов ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «50 лет Вооруженных сил СССР», «20 лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «30 лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «60 лет Вооруженных сил СССР» медальдармен марапатталған.

Авторы: немересі Сауле Мұхамбетжанова