Хабар телеарнасы

Сисенгалиев Ораз

Сисенгалиев Ораз

Сисенгалиев Ораз 1923 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында дүниеге келген. 1942 жылы соғысқа аттанып, Сталинград түбінде шайқасқан. Қатардағы жауынгер. 1943 жылдан бастап із-түзсіз жоғалған. Кетерінде айтып кеткен өлең шумақтарынан үзінді:

Соғысқа ертең біз жөнелеміз,

Осыдан өле кетсек не көреміз?

Содан аман-есен елге келсек,

Елдегі құрбыларға теңелеміз.

Біз отбасымызда бір ұл, үш қыз едік. 1941 жылы әкем Сисенғали соғысқа кетті. Ал 1942 жылы ағам Ораз да Сталинград түбіндегі майданға аттанды. Бұл соғыста қаншама бозбала өмірінің жарқын шақтарымен қоштасып, туған жерді қорғау үшін қолдарыңа қару алды. Сол бозбаланың бірі менің ағам еді. Сөйтіп, әкем де, ағам да соғысқа аттанып, үйде анаммен үш қыз болып қалдық. Артынан көп ұзамай, ағамнан хат келді. Хатында: «Майдан алаңына жетуімізге бес шақырым қалды. Мен аманмын», – деп жазыпты. Содан кейін хабарсыз кетті. Артынан қара қағаз да, «із-түзсіз жоғалды» деген бір жапырақ қағаз да келмеді. Соғыс аяқталғаннан кейін әкем аман-есен оралды. Ал ағам бұл сұрапыл соғыстан оралмады.

Авторы: қарындасы Алтын Сисенгалиева