Хабар телеарнасы

Ембергенов Ерман

Ембергенов Ерман

Құрметті отандастар, Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын. Бұл мереке – рухы биік ата бабаларымыздың ерлікпен күресіп, кейінгі ұрпақтарына сыйлаған ең маңызды мұрасы.

Осы бейбіт күнді жақындатуға үлес қосқан менің атам, Ембергенов Ерман 1921 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Бабата ауылында дүниеге келген.

1941 жылдың 13 маусымында Қызыл Армия қатарына алынады. Ұлы Отан соғысы басталардан 9 бұрын Ржев қаласындағы 80-ші авиаполкке, 1941 жылдың 15 шілдесінен бастап Смоленск, Ельня, Ярцево, Вязьма түбіндегі сұрапыл соғыста 16-шы Армияның 152-ші дивизия құрамында пулеметчик, 220 ОБС барлаушы болады. Вязьмо түбіндегі шайқаста партизан құрамына қосылып тапсырманы орындауда ауыр жарақат алады. Смоленск облысы Хлусси ауылының қарттары орман ішінен тауып алып емделген соң соғысқа 310 ВВП құрамында Волхов, Ленинград, Прибалтика, Украина майдандарында Отан қорғап 1945 жылы туған жері Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданына оралып, Шолаққорған ауылдық кеңесінде және аудандық тұтынушылар қоғамының төрағасы қызметінде еңбек жолын жалғастырған. 25 жылғы Созақ аудандық тұтынушылар қоғамын басқарған уакытынды аудан орталығы мен елді мекендерде сауда орындары нан зауыты мен қоймалар және т.б. бой көтеріп халық игілігіне ұсынылды.

Ерен еңбегі үшін Ұлы Отан соғысының II дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, Қазақстан Республикасының «Алтын кітабына» есімі енген, Созақ ауданының құрметті азаматы болған Атамыз сұрапыл соғыс кезінде тыл еңбеккері болған Мүсәлдаева Жұпар апамызбен 3 ұл мен 4 қыз тәрбиелеп 26 немере өсірді.

Ерлікпен Отан қорғап, Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосып, еліне аянбай еңбек еткен, білікті басшы, халыққа сыйлы болған бізге өмір беріп, ұрпақ тәрбиелеп, асқар тау әке, қамқор ата бола білген атамыздың өмір жолына біз, ұрпақтары құрмет білдіріп, мақтанышпен еске аламыз.

Авторы: немересі Айгуль Ембергенова