Хабар телеарнасы

Мұсылманбеков Бейсенбай (1923-1944 жж.)

Мұсылманбеков Бейсенбай (1923-1944 жж.)

Мұсылманбеков Бейсенбай 1923 жылы ҚазақССР, Семей облысы, Абай ауданы, Бақанас Абай колхозында ауылында орта шаруа отбасында дүниеге келген, әкесі Медеуов Мұсылманбек пен анамыз Тоқбаланың тұңғышы еді.

Бейсенбай ВЛКСМ мүшесі, 6 кластық білімі бар деп жазылған. Аталарымыздың айтуынша негізі 9 кластық білімі болған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда әкесі Мұсылманбек бауыры Тұрысбекпен бірге соғысқа аттанады, ал кіші бауыры Ниязбек (Бапан) ол кезде міндетті әскер қатарында болып, соғысқа сол жерден кірген.

Мұсылманбеков Бейсенбай 10 мамыр 1942 жылы ҚазССР, Семей облысы, Абай АӘК шақыруымен соғысқа аттанып, 32 атқыштар дивизиясына түскен. Артында анасы Тоқбала мен апасын қалған.

Подолскідегі архив құжаттарындағы жазуларға қарап Бейсенбайдың соғысқа қатысқан жорығының маршрутын анықталды. 1 қаңтар 1943 жылы 202 зсп ЭГ 2993 құрамында болған.

ПТР құрамындағы Учебный батальон 202 зсп-тың қатардағы жауынгерлердің демографиялық тізімінде ұлты қазақ, ВЛКСМ мүшесі, колхозшы, отбасында анасы Медеуова Тоқбала және апасы (сестра) қалды деп жазылған. 23.02.1943 жылы 32 ад құрамынан шығып 50А құрамына жіберілген.

13 қыркүйек 1943 жылғы СЭГ 290 77 гвардиялық атқыштар полкінің командирі капитан Кукушкиннің демографиялық тізімінде «Азаматтық мамандығы машинист, әскери мамандығы ПТР» деп жазылған .

Батыс майдандағы 206 зсп –қа 18 қыркүйек 1943 жылы келіп түскен. 4 қазан 1943 жылы жараланып 290 госпитальда емделіп, 31А жіберілген. Бірнеше рет ауыр жатақат алған. 5 қаңтар 1944 жылы 199 зсп-дан АГЛР 1764 құрамына жіберілген.

10 наурыз 1944 жылы 26 гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында ұрыс алаңында мерт болған. Белоруссиядағы Витеб облысы, Дубровнен ауданы, Петреки деревнясындағы бауырластар зиратына жерленген. Бұл бауырластар зиратында 3724 жауынгер жерленген. Олардың 3589 аты-жөні белгілі, ал 135 жауынгердің аты-жөні белгісіз. Зиратты өз қамқорлығына алған Редьков 8-жылдық мектеп пен «Искра Ильича» колхозының басқармасы.

Бейсенбай Мұсылманбековтың жатқан бауырластар зиратының картотекасы.

Авторы: Шингисова Лазат Серикбаевна