Хабар телеарнасы

Азимбаев Айтқазы

Азимбаев Айтқазы

Менің әкем Азимбаев айтқазы Тобықты, Ырғызбай руынан тараған. Бір тал ұрпағы өмірден өткен күндері мен артында қалған ұрпақтары жайында біраз естеліктерімді қағаз бетіне түсірсем деген ойым бар.

Әкеміз Азимбаев Айтқазы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының сыртында Бақанас деген жерде кедей отбасында өмірге келді. Біздің отбасымыз жылдар өтіп өмір кешіп жатқанда, халыққа ауыр күндер туып, соғыс басталып кеткен болатын. Сол соғыстың ауыр күндері біздің үйімізге де келген. 1941 жылы май айында әкемді соғысқа алып кеткен болатын. Сол уақытта шешем аяғы ауыр болып, артында қалған. Сол жылдың күзінде мен өмірге келген екенмін. Әкеміз сол кеткенен қайтып оралмады. Әкемізді көруге Алла жазбаған екен. Әкеміз соғысқа кеткенде кәрі анасы, төрт баласы, шешеміз Қанаш қала бердік. Жылдар өткенде біздің үйіміз Шыңғыс тауының бауырына қоныс аударыпты. Әкемнің туған ағасы Шыңғыс атам тұрған Арқалық деген қыстаққа Еңбек ері атанған атам Шыңғыс қой бағатын, шешем Қанаш атамның көмекшісі болып мал баққан. Топты отбасын асырау үшін арқа еті арша болып қай жерде жұмыс болса, сол жерге жүре беретін. Жаз болса шөп шауып, қыс болса қи ойып, көктемде қой қырқып бізді асыраған.

Қапаш шешеміз еңбегінің арқасында балаларын сақтап, ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Шәкеннен 3 қыз, 1 ұл сүйді, Санақбай ұлынан 4 қыз, 4 ұл сүйді, сонымен қатар осы ұрпақтарынан 30-ға тартар шөбере сүйді.

Адамзат баласына нәубет әкелген Ұлы Отан соғысы кезінде дүниеге келіп, әкесін тек сарғайған фотодан көріп өскен апамыз Жеңісияның естелігі.

Авторы: Шингисова Лазат Серикбаевн