Хабар телеарнасы

Адайбеков Рахмет (1903-1990 жж.)

Адайбеков Рахмет (1903-1990 жж.)

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ақкемер ауылында туған. Атам үнемі пулеметтің қаншалықты ауыр екендігін айтып отыратын.

«Бірақ «атыңдар» деген бұйрық келген кезде пулеметтің ауырлығы есіңнен бір сәтте шығып, бір өзім өңгере жөнелетінмін. Денемнің ауырсынғаны мен шинелімнің тесілгенін демалғанда ғана аңғаратынмын»,– деп соғыс туралы айтқанда есіне алып қоятын.

Берлинге дейін қалай жаяу жеткенін де бізге айтып беретін. Атамның бұл әңгімесінен сол кездегі жалынды қазақ жігіттерінің қайсарлығын, табандылығын, Отан үшін жандарын құрбан етуге дайын екенін байқауға болады. Олардың боскеуде емес, әрқайсысының кеудесінде «Отан» деп соғатын жұдырықтай жүрек барын білдіреді.

Авторлары: немерелері Рахметовтер